Shopping cart

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Әдіскер-балабақша жүрегі.

Өзіндік білім көтеру — педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының

негізгі құралы.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам педагогына жүктелер жүк еселене түсуде. Әдіскер- қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды педагог тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттары

Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру

Өзіндік танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру

Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру

Өткен курстар мен аттестация, сайыстар арқылы дамып отыруы тиіс. Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.

Тағыда бір айта кететін жайт ол- Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандарт талаптарын орындау мақсатында жылдық жоспарға сай бақылау және басшылық тексерулер жүргізілді.

Тағы да бір әдіскер алдында үлкен жұмыс ол –жас маман. Әдіскер педагогты білімінің үнемі толықтырылуына, балалармен жұмыста озық тәсілдер мен амалдарды меңгеруіне, тәрбиелеудің сырларын түсінуге бағыттайды. Тәжірибелі тәлімгер тағайымдайды. Әдіскер жас мамандармен өз жұмысын қызметтің үш аспектісін ескерумен құрады.

  • «Аға тәрбиеші — жас маман» — жас маманның жұмыста оңай бейімделуі үшін жағдай жасау, оны қажет білімдермен, шеберліктермен, мүдделермен қамтамасыз ету;
  • «Жас маман — бала мен оның ата-анасы» — педагог беделінің қалыптасуы, балалар мен олардың ата-аналарында оған деген құрмет, қызығушылық;
  • «Жас маман — әріптес» — әріптестер тарапынан жан-жақты көмек пен қолдау көрсету. Жас маманға бағыт беру, еңбек жолына бағыттау.

Балабақшаның әрбір күнін қызықты да, тартымды , мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты-  бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау.

  Сол себептен өз ісімді тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіру.

Әдіскердің тәжиербелілігі шығармашылықпен жұмыс жасау барысында керек –ақ.

Әдіскер педагогтармен ақылдасып, қоғамдық пікірлерге құлақ асып әріптестерінің ескертуімен ұсыныстарын қабылдап, өзі жнтен жетістіктермен бөліседі.

Балабақшамызда ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс жүру мақсатында бірнеше мезгілдерге сай іс-шараларамыз  ертеңгіліктеріміз  байкауларымыз өтуде.

Әдіскердің — яғни менің ұстанымым өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес, беруге барынша жан-жақты ізденіп ақпараттар алып, балабақша тәжірибесінде кадрларыма  қолдану жолдарын ұсынамын.